Елдің бірлігі қиындықты еңсереді

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қандай жағдай болса да елімен бірге екенін әрдайым дәлелдеп келеді. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап мемлекетімізді жер-жаһандағы жұртшылыққа кеңінен танымал еткен, елдің жанашыры болып келе жатқан Нұрсұлтан Әбішұлы қазір әлемді жайлап тұрған коронавирус ауыр дертінің қауіптілігін түсініп, Қазақстан жұртшылығына үндеу жасады.
Өзінің көрегендігімен саяси сахнада биік беделін еншілеген Елбасы бұл жағдайда бірлігіміздің үлкен рөл атқаратынын баяндады. Әрине, бұдан бұрынғы уақытта талай қиындықты еңсерген халқымыз оны өзінің бірлігі, татулығы мен ауырбірлігі арқылы жеңді десек қателеспейміз. Осы тұрғыда халықты шыдамдылық пен өзара түсіністікке шақырған үндеу Қазақстан халқына ерекше қолдау болғаны анық . Әрине, халық алғашқыда бұл қаупті індеттің мұндай қауіп төндіретінін ойламады. Бірақ, тілсіз жау айтып келмейтіні белгілі. Бұл қауіппен әлемнің барлық мемлекеті ортақ жұмыла отырып күресін жүргізіп келеді. Оны тек қана арнайы ережелер мен дәрі-дәрмект арқылы жеңіп шығу мүмкін болмас. Елге қазіргі кезде психологиялық ұстаным, басқаша айтқанда сенім мен батылдық керегі айдан-анық. Осы тұрғыда мемлекетіміз барлық тиісті шараларды жасап жатқанын ақпарат көздерінен көрудеміз.
Осы орайда Тұңғыш Президент - Елбасы өзінің көрегендік саяси қабілетімен дүниежүзіндегі болып жатқан түрлі жағдайларға, мәселен экономикадағы өзгерістер, коронавирустың етек жаюы секілді жағдайларға саналы азамат ретіндегі ой-пікірі қалыптасқанын қалайды. Елбасы елдегі жасалып жатқан түрлі шаралар, ол қауіпсіздік немесе қайырымдылық шаралары болсын, барлығы елдің бірлігін сақтап, нығайтуға бағытталғанын айтып, халықты ауызбіршілік пен төзімділікке шақырды. Мұндай бастама халыққа рухани күш беретіні анық.

Сәулет Сахиев,
ақпараттық-талдау орталығының директоры, 

саяси ғылымдарының канди
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 наурыз 2020 г. 301 0