Биыл ауыл шаруашылығы саласы бойынша 9 инвестициялық жоба іске қосылмақ

Биыл ауыл шаруашылығы саласы бойынша 9 инвестициялық жоба іске қосылмақАзық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру мақсатында аймақта бірқатар жобалар қолға алынуда. Биыл ауыл шаруашылығы саласы бойынша құны 1 858,9 млн. теңге болатын 9 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр.
Атап айтқанда:
- Қызылорда қаласы, «Жан Арай» ЖШС жоба құны 375,9 млн. теңге құрайтын «Қуаттылығы 80 тонналық құрама жем өндіру зауытын салу»;
- Шиелі ауданы, «Шиелі Авангард» ЖШС жоба құны 8,0 млн. теңге құрайтын «Сүт өңдеу цехын салуды ұйымдастыру»;
- Қазалы ауданы, «Сыр Маржаны» ЖШС жоба құны 289,1 млн. теңге құрайтын «500 бас МІҚ арналған бордақылау алаңы»;
- Қызылорда қаласы, «Жирен» ШҚ жоба құны 139,3 млн. теңге құрайтын «500 бас МІҚ арналған бордақылау алаңы»;
- Қызылорда қаласы, «Жан-Арай» ЖШС жоба құны 170,0 млн. теңге құрайтын «Күріш ақтау цехы, қуаттылығы 12 тн/сағат»;
- Қызылорда қаласы, «Ақ-Барыс» ЖК жоба құны 34,0 млн. теңге құрайтын «199 басқа арналған бордақылау алаңы»;
- Жалағаш ауданы, «Агрохолдинг Байқоңыр» ЖШС жоба құны 92,0 млн. теңге құрайтын «Күріш ақтау цехы, қуаттылығы 150 тн/сағат»;
- Қызылорда қаласы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жоба құны 365,5 млн. теңге құрайтын «Жалпы көлемі 2,7 га құрайтын 50 жылыжай құрылысын салу»;
- Қызылорда қаласы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жоба құны 385,1 млн. теңге құрайтын «Жалпы көлемі 2,8 га құрайтын 70 жылыжай құрылысын салу».
Бұл жобалар уақытылы іске асса, өңірдегі ауылдардың күш-қуатын арттырып, мәртебесін асырары сөзсіз. Оған қоса, аймақтағы жұмыссыздық мәселесінің шешілуіне біршама септігін тигізбек, деп хабарлайды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы "Сыр бойы" газеті сайты тілішісіне.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 тамыз 2014 г. 830 0