Нұротандықтар «BIZBIRGEMIZ» акциясына үлес қосуда

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына орай,карантин жарияланған  Нұр- Сұлтан және Алматы қалаларындағы әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуге бағытталған «BIZBIRGEMIZ» атты акцияны бүгін Қызылордалық нұротандықтар қуаттап, акция аясында өңірдегі әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетті.
Акцияға «Jas Otan» жастар қанатының еріктілерінен жасақталған шағын топтар, кәсіперлер өз үлестерін қосты.
Байланыссыз тарату жолымен жүргізіліп басталған акция аясында өңірдегі  1150- ге жуық   әлеуметтік әлсіз топ өкілдеріне қолдау көрсетілмек.
Жалпы атап өту керек Партия Төрағасының тапсырмасына орай, партияның «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» жобалары аясында жоғарыда аталған  қалалардағы ағайынға атаулы көмек көрсету үшін 150  млн тг бағытталды, Сонымен қатар партияның Орталық аппараты мен барлық филиалдарының қызметкерлері қосымша көмек ретінде өздерінің бір күндік жалақыларын аударды.
Коронавирустың таралуына жол бермеуге бағытталған шектеу шараларын енгізуге байланысты облыс бойынша барлық филиалдардың қоғамдық қабылдау бөлмелері азаматтарды жеке қабылдау жұмыстарын уақытша тоқтатты. Бүгінде азаматтарды қабылдау жұмыстары Сall-орталықтар мен партияның онлайн-сервистері қызметі арқылы жүргізілуде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2020 г. 383 0