Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар арасында қайтыс болғандар жоқ - Диас Ахметшәріп

Елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы бес адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 «Оның екеуі Қарағанды қаласында - 1972 және 1971 жылғы туған Қазақстан азаматтары. Екеуі де №0324 Минск-Қарағанды рейсімен ұшып келген болатын», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп арнайы брифингіде. Оның айтуынша Алматы қаласында тағы үш адам аталмыш инфекцияны жұқтырған. Біреуі 1979 жылғы әйел адам, Берлин қаласынан ұшып келген. Екінші азамат 1997 жылғы ер адам, Франциядан ұшып келген. Соңғысы 1982 жылғы әйел адам. «Осы сағатта (20 наурыз, 08:30-да) Алматыда – 22 адам, Қарағанды қаласында - 2 адам, Нұр-Сұлтанда - 25 адам. Республика аумағында барлығы 49 науқас тіркеліп отыр. Олардың арасында қайтыс болғандар жоқ» , - деді Диас Ахметшәріп. 
Оның айтуынша, науқастардың барлығының жағдайы жақсы. Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағандыда коронавирус жұқтырған 2 адамның Минск қаласынан ұшып келгенін хабарлаған едік.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2020 г. 224 0