Көктемгі егін қашан басталады?

Биыл Сыр өңірінде 183,1 мың гек­тарға егіс егу межеленіп отыр. Қазір оңтүстік аудандарда ерте егілетін да­қылдарды орналастыру қолға алын­са, басты дақыл – күріш егу 25 сәуірде басталады деп күтілуде. Егу­дің оңтайлы мерзімін Ы.Жақаев атын­дағы қазақ күріш ғылыми-зерттеу инс­титуты жасап шықты. Бұл жоспар Қы­зылорда қаласы мен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдері арқылы шаруа­шылық құрылымдарына жолданды.
Жергілікті диқандар биыл 88,2 мың гектар алқапқа күріш егеді деген жос­пар бар. Сондай-ақ, елдегі ағайын 97,8 мың гектар дәнді, 6 гектар майлы, 61,6 мың малазықтық, 17,7 мың гектар картоп, көкөніс-бақша егеді. Былтырғы жылдың күз мезгілінде 4142 гектар күздік бидай егіліп, 65,1 мың гектар сүдігер айдалды.
Қазір егіске қажетті тұқым дайындау мәселесі толықтай шешімін тапқан. Шаруаларда 22948 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы бар, ол қажетті мөлшерден 4%-ке артық. Оған қоса егіншілер 683 тонна жаздық бидай, 94 тонна арпа, 17,6 тонна сұлы, 32,7 тонна жүгері, 10,1 тонна тары, 274,4 тонна жоңышқа, 95, 2 тонна мақсары және 37,7 тонна соя тұқымын қамбаға жинап қойды.
–  Өткен жылы күріш ғылыми-зерттеу институты мамандарымен бірігіп соя дақылы өндірістік негізде егілді. Айта кетерлігі, бұл дақылға іргелес мемлекеттерден сұраныс жоғары. Алғашқы тәжірибеміз өзінің тиімділігін көрсетті. Алдағы жылдарда соя дақылы көлемін арттыруды ойластырып отырмыз. Ол биылғы жылға 290 гектарға жоспарланған. Мамандар қант құмайы дақылын да өндірістік сынақтан өткізген болатын. Суармалы жердің тұздылығын төмендетіп, құнарлы маз азығы саналатын қант құмайының көлемін биыл 200 гектарға арттырамыз деген жос­пар бар. Келешекте оның көлемін 3 мың гектарға жеткізу ойластырылуда, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сейілбек Нұрымбетов.
Сонымен қатар, биыл 144 гектар алма, 15 гектар жүзім және 5 гектар өзге де дақылдарды егуге мән беріледі. 2020 жылға дейін облыста 366,7 гектар алма, 2,2 гектар жүзім және 37,4 гектар өзге де жеміс ағаштары бар еді.
Қазір егінге қажетті мине­ралдық тыңайтқыш пен жанар­май мәселесі оң шешімін табуда. Бұл бағытта тиісті құры­лымдармен келісім жасалған.

«СБ» ақпарат.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 наурыз 2020 г. 523 0