Қытайда коронавирустың емі табылғаны хабарланды

"Фавипиравир" препараты жаңа коронавирус тудыратын пневмонияны емдеуде тиімді болып шықты. Бұл туралы ҚХР Ғылым және техника министрлігі жанындағы биотехнология орталығының басшысы Чжан Синьминь мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Синхуаға" сілтеме жасап.

Қытай Денсаулық сақтау өкілінің айтуынша, препаратты қабылдаған пациенттер тезірек емделіп, олардың өкпесі қалпына келіпті.

Оңтүстік Гуандун провинциясының Шэнчжэн қаласындағы ауруханалардың бірінде коронавирусы бар 80 пациенттің 35-і препарат қабылдаған. Төрт күннен кейін коронавирусқа тестілер теріс нәтиже көрсеткен, ал қалғандарының жағдайы орташа есеппен 11 күннен кейін түзелген. Тағы бір ұқсас зерттеу Ухан ауруханасында жүргізіліпті.

"Авиган" деген де атауы бар "Фавипиравирді" тұмауды емдеу үшін Fujifilm Holdings жапон корпорациясы әзірлеген. Ол сондай-ақ Эбола безгегіне қарсы қолданылған. Препараттың жағымсыз әсері 2014 жылдан бастап тіркелмеген, сол жылы оның сатылымы Жапонияда мақұлданған еді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 наурыз 2020 г. 474 0