Kaspi.kz басшысы тұтынушылар несиесін төлеуді кейінге шегеруге болатынын мәлімдеді

Елімізде жарияланған Төтенше жағдайға байланысты Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе қазақстандықтарға үндеу жасады.

Оның айтуынша, Kaspi ең алдымен бағдарламаға қатысуға жұмысынан айырылған немесе қаржылық қиындыққа тап болған клиенттер өтініш бере алады.

«Kaspi клиенттерін қолдау бағдарламасына 2 сәуірден бастап, Kaspi.kz ұялы қосымшасында өтінім беруге болады. Барлығын үйден шықпастан, онлайн жасау үшін мобильді қосымшада жасаймыз», – деді ол үндеуінде.

Kaspi.kz клиенттерін қолдау бағдарламасына қатысу үшін өтінімді Kaspi.kz мобильді қосымшасының ішінде жасалған ыңғайлы, қарапайым қызмет бөлімінде беруге болады. Бүгінде аталған бөлім жасалу үстінде.

«Ол дайын болған сәтте қосымша нұсқаулық таратамыз. Ал, Kaspi.kz клиенттерін қолдау бағдарламасына қатысу талаптарына келсек, оған жұмысынан айырылған және қаржылық қиындыққа тап болған клиенттер қатыса алады. Мына 3 маңызды шартты естен шығармау керек. Біріншіден, Kaspi.kz клиенттерін қолдау бағдарламасына өтінім берген сәтте кредиті бойынша төлем уақыты өтіп кеткен қарызы болмауы керек. Екіншіден, кредит 2020 жылдың 18 сәуіріне дейін рәсімделген болуы керек. Үшіншіден, бағдарлама қатысушыларына қаржылық жағдайы нашарлап кетпес үшін қаржылық жағдайы жақсарғанша, жаңа кредит берілмейді», – деп атап өтті Михаил Ломтадзе.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 наурыз 2020 г. 1 531 0