« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Қызылорда облысында 10-13 наурыз аралығында «Допинг» арнайы операциясының бірінші кезеңі өткізілді.
Кең көлемді «Допинг» жедел профилактикалық іс-шарасы есірткінің заңды айналымы саласында құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.
Аталған шара барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен есірткі құралдарының, психотропты заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын дәріханалар мен қоймаларға тексеру жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген шараның 3 күнінде облыста 28 құқық бұзушылық анықталды.
«Іс-шара барысында облыс аумағында орналасқан 7 дәріхана тексеріліп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426 бабы (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттармен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 3 заң бұзушылық анықталды.
Заңсыз айналымнан барлығы – 36,25 гр. есірткі заты марихуана, дәріханалардан 22 дана таблеткалар алынып тәркіленді», – деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |