« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында онлайн-брифинг аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің жұмысын ұйымдастыру туралы ақпарат берді.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа коронавирус пандемиясын жариялауына және Республикамыздың Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төтенше жағдайды енгізуіне байланысты мемлекеттік аппаратқа халық тыныс-тіршілігінің барлық салаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша үлкен жауапкершілік жүктелген.
Бүгін біз жаңа талаптар жағдайында барынша бірлесе отырып, алдын ала әрекет етуіміз қажет. Бұған бізді Мемлекет басшысы шақыруда.
Бұл күндері, біздің азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік мекемелерге жүгінбей, қажетті көрсетілетін қызметтер көлемін алуларын қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік қызметшілер барынша үйлесімді жұмыс істеулері керек»,- деді Агенттік төрағасы.
А.Жаилғанованың айтуынша, азаматтардың мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан алуы, соның ішінде өтініштерді мемлекеттік органдардың call-орталықтары және онлайн-қабылдау арқылы қабылдау үшін ақпараттық жүйелер мен порталдардың үздіксіз жұмыс істеуіне ерекше назар аудару қажетт.
«Осы күрделі кезеңде біздің отандастарымыздың жайлылығы мемлекеттік органдарға байланысты. Алайда, қазір мемлекеттік мекемелердің үздіксіз жұмыс істеуі үшін мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын сақтауға көңіл бөлу өте маңызды.Қалыптасқан жағдай коронавирустық инфекцияның таралу қауіпін төмендетуге мүмкіндік беретін қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдауды талап етеді», - деп атап өтті ол.
Мемлекеттік аппараттың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын сақтау мақсатында келесідей шаралар ұсынылады.
1. Икемді, қысқартылған немесе қашықтықтан жұмыс режимін қолдану. Мемлекеттік органдарда икемді жұмыс уақытын қолдану ағымдағы жағдайда ерекше өзекті болып табылады.
Бұл мемлекеттік қызметшілерге жұмыстан қол үзбей, ұзақ демалыс кезінде өз балаларын қауіпсіздендіруге және барлық жауапты бағыттарда үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, осы шараны іске асыру қоғамдық көлікті қосымша жеңілдетуге ықпал ететін болады, бұл COVID-19 жаппай таралуын болдырмаудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнында тікелей болуын талап етпейтін салаларда қашықтықтан жұмыс режимін енгізген жөн.
Осыған байланысты, уақытша шектеулер кезеңінде орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер мемлекеттік қызметшілердің мынадай санаттарын айқындаулары қажет:
- жұмыс орнында міндетті түрде бола тұрып, ұйымның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етумен айналысатын тұлғалар. Бұл ретте осы тұлғалардың қысқартылған жұмыс уақыты бойынша қызмет ету мүмкіндігін қарастыру қажет;
- еңбек функцияларын қашықтықтағы жұмыс режимінде орындайтын адамдар;
- демалысқа жіберілетін қызметшілер.
Жоғарыда көрсетілген тұлғалардың жұмыс шарттары мен тәртібін осындай жұмыс режимін қарастыратын еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асыру қажет.
Қашықтықтан жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерді тұрғылықты жерінде болуын және өз қалалары мен елді мекендерінен кетпеулері сұралды.
2. Мемлекеттік органдарда ағымдағы кеңестер мен отырыстарды өткізуді шектеу. Мемлекеттік органдардың басшыларына жедел келіссөздер мен кеңестерді скайп-қосылыстар, видеоконференцбайланыс және мессенджерлер арқылы жүргізу ұсынылды.
3. Ағымдағы тапсырмаларды орындау мерзімін қайта қарау.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықты қорғау, әлеуметтік және өзге де халықты қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты емес тапсырмалардың бақылау мерзімдерін төтенше жағдай уақытында ұзартуды немесе тоқтату ұсынылды.
ҚР МҚІА баспасөз қызметі
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |