Халық саны 18 млн 653 мыңнан асты

2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 18 млн 653 мың 500 адамды құрады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстандықтардың жалпы санының 10 млн 914 мың 800-і немесе 58,5% - қалада, 7 млн 738 мың 700-і немесе 41,5% ауылдық жерлерде тұрады. 18 млн 653 мың 500 адамның 9 млн 44 мыңын немесе 48,5% – ерлер, 9 млн 608 мыңын немесе 51,5% әйелдер құрайды. 2019 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда халық саны 238 мың адамға немесе 1,3% артты. Ең көп өсім үш өңірде тіркелді: Алматы қаласында (64 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласында (58,4 мың адам) және Түркістан облысында (33,3 мың адам).


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 наурыз 2020 г. 356 0