Алматыда таяуда коронавирус жұқтырып, ем алып жатқан 2 жасар қыздың анасынан да вирус табылды, деп хабарлайды
ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы басшысы Тілеухан Әбілдаевтың хабарлауынша, коронавирус жұқтырған екі баланың жағдайы қазір бірқалыпты.
«Дене қызуы жоқ. Ауру белгілері (симптомдары) байқалмайды. 2 жастағы қыз анасымен бірге жатыр. Анасынан да коронавирус жұқпасы табылды. Олар қаладағы балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Жағдайы тұрақты. Жалпы Алматыда тіркелген 17 науқастың да жағдайы қанағаттанарлық», - деді ол.