Коронавирус туралы сұрақтарды мобильді қосымша арқылы жолдауға болады

 Қазақстандықтар коронавирус туралы сұрақтарын мобильді қосымша арқылы жолдай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қазақстандықтар коронавирусты жұқтырғаны расталған жағдайлары туралы мәлімдемесінен кейін халық арасында алаңдаушылық айтарлықтай өсті. Бұрын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Бірыңғай байланыс орталығына күніне шамамен 1500-2000 қоңырау келіп түсетін болса, ал қазір олардың саны 3 есе артты - күніне 6 мыңға дейін.

Осындай маңызды кезеңде ағзаңызды мүмкін болып қалатын жұқтырудан сақтану және алдын-алу үшін барлық шараларды қабылдау қажет. 1406 байланыс орталығының операторлары халыққа денсаулығын нығайту және өзінің ағзасын қорғау, күдікті симптомдар байқалғанда әрекеттер жасау бойынша кеңес беру дайндығынан өтті.

«Байланыс орталығы қажетті алдын-алу шаралары және вирустан қорғану бойынша кеңес беру үшін жұмыс істейді. Операторлар сонымен бірге сырқатталып қалған кезде қайда бару керектігін, қандай симптомдарға назар аудару керектігін, қайда талдауларды (анализдерді) тапсыруға болатындығын түсіндіреді. Үкімет пен уәкілетті органдар қабылдап жатқан шаралар халықты қорғауға бағытталған. Алайда, қоғамдық орындарға бару денсаулыққа қауіп төндіреді екенін саналы азаматтар түсінуі керек», – дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, өз сұрақтарыңызды 1406 операторларына Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы да жолдауыңызға болады. Жолданымға тіркеу нөмірі беріледі, содан кейін сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізде оның мәртебесін тексере аласыз.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 наурыз 2020 г. 372 0