Қазақстанда маскалардың бірыңғай бағасы белгіленеді

 Қазақстанда маскалардың бірыңғай бағасы белгіленеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін мемлекеттік комиссия маскаларды алып-сатарларды жауапкершілікке тарту мәселесін, әсіресе Интернетте маска саудасымен айналысатындарды қатаң жазалау туралы шешімді қолдады. Қазір осы мәселе бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, таяуда бағаларды белгілейміз. Біз маскаларды өзіндіік құнынан төмен етіп сатуға мәжбүрлей алмаймыз. Дегенмен маскаларды алып-сатумен айналысқандар айыппұл немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қазір заңгерлермен осы мәселені қарастырып жатырмыз", - деді денсаулық сақтау министрі.

Біртановтың айтуынша, бүгінде маска өндірісі екі есеге артты.

Айта кетейік, соңғы ресми деректер бойынша бүгінде Қазақстанда 35 адам коронавирус жұқтырған.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 наурыз 2020 г. 408 0