НАНКИН-2014: Бауыржан Жауынтаев Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды

НАНКИН-2014: Бауыржан Жауынтаев Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салдыҚытайдың Нанкин қаласында жасөспірімдер арасындағы ІІ Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды дзюдошы Бауыржан Жауынтаев салды. Бұл туралы Vesti.kz cайты жазып отыр.
Бұған дейін 55 келіде ел намысын қорғаған жүрген қазақстандық  балуанның түркиялық дзюдошы Огузан Карачаны жеңіп, жоғары рейтингі бойынша ақтық сынға жолдама алғанын жазған болатынбыз. Финалдық бәсекеде ол әзербайжандық спортшы Натиг Гурбанлимен белдесіп, басым түсті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 тамыз 2014 г. 760 0