Білім министрлігі жұртты дүрліктірген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

ҚР Білім және ғылым министрлігі әлеуметтік желілерде оқушылардың мектепке немесе дүкендерге келгенін анықтау мақсатында рейд жүргізіледі деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік желілерде және WhatsApp мессенджерде оқушылардың мектепке немесе дүкендерге келгенін анықтау мақсатында рейд жүргізілетіні және анықталған жағдайда ата-аналарға айыппұл салынатыны туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпарат таратушыларды жауапкершілікке тарту заңда қарастырылғандығын хабарлаймыз. Қосымша сұрақтар бойынша министрліктің Сall-орталығына +7(7172)74-24-11 телефон нөмірі арқылы немесе өңірлік білім басқармаларына хабарласуға болады», - делінген министрліктің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 наурыз 2020 г. 312 0