Қазалы ауданаралық ауруханасының ІІ ғимаратында 50 төсек орындық обсервациялық стационарлар ашылды. Мұнда Қазалы ауданында коронавирус инфекциясы анықталған жағдайда науқастармен қарым-қатынаста болғандарды бақылауда ұстап, аймағымыздың тұрғындарына бағытталған сақтық шаралары жүргізіледі.
Ғимараттың 1, 2 қабаты жылы сумен «Аристон» арқылы қамтамасыз етілген, 3 қабаттағы оқшаулау бөлмелеріне су жылытқыштар орнатылуда.
Бөлімше табиғи және жасанды желдету жүргізіледі. Палаталарда температуралық режим сақталған.Оқшаулау орны жастық, төсек жаймаларымен, залалсыздандыру құралдарымен толық қамтылған.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі