Қазалыда медициналық маска тігіле бастады

Қазалылық тігін тігумен айналысатын жас кәсіпкерлер қолдан бетперде тігуді қолға алды. Бұл туралы аудандық жастар ресурстық орталығының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазылды.
Халықтың сұранысына сәйкес бетперде тігуді бастаған ЖК "Гүлзат Билсариева" мен ЖК "Yessekeyeeva"-ның бастамалары көңіл қуантады. Себебі қазіргі таңда аудандағы дәріханаларда медициналық маскалардың жетіспеушілігі байқалып отыр. Осы кәсіппен айналысатын кәсіпкерлер медициналық маска шығаратын фирмаларға тапсырыс беріп қойды.
Бір айта кетерлігі, жас кәсіпкерлер тігетін бетперделердің медициналық маскадан бір ерекшелігі, жуып, үтіктеп, қайта қолдана беруге болады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 наурыз 2020 г. 600 0