Қазақстанда коронавирус жұқтырған 13 адам тіркелді

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік Қазақстандағы коронавирусқа қатысты эпидемиялогиялық жағдай жөнінде 17 наурызда сағат 09:00-дағы жағдай бойынша мәлімет таратты.

Ведомствоның хабарлауынша, Алматы қаласында корнавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 3 жағдайы тіркелді.

Бүгінгі күнде елде коронавирус жұқтырудың 13 жағдайы расталды, олардың 11-і Алматы қаласында, 2-еуі-Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген.

Еске салсақ, бұған дейін коронавирус жұқтырғандар саны 10 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің айтуынша, 1986 жылғы әйел адам 15 наурызда Ыстанбұл қаласынан Алматыға ұшып келген.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 наурыз 2020 г. 222 0