Қазақстанда Президенттің Жарлыққа қол қоюуымен енгізілген төтенше жағдайға байланысты ірі сауда нысандардың жұмысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін. Ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуіне шектеу қойылсын», - делінген Президенттің Жарлығында.
Сонымен қатар Жарлық бойынша сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметін тоқтатылатын болды.