Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында той-томалақ өткізуге тыйым салынды. Бұл тыйым туралы Президенттің төтенше жағдайдың жарияланатыны туралы Жарлығында жазылған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынсын», - делінген Президенттің Жарлығында. Айта кетсек бүгін Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы Жарлыққа ҚР Президенті қол қойды. Жарлыққа сәйкес ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы тоқтатылып, Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда ел аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленді.