ҚР СІМ Төтенше жағдай туралы: Шет елдерде жүрген отандастарымыз Қазақстанға кіре алады

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ҚР аумағына кіруге шектеу қоюға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Шектеу - бұл тыйым салу емес. Шет елдерде жүрген біздің отандастарымыз Қазақстанға кіре алады. Бұл шектеулер негізінен шет мемлекеттердің азаматтарына қатысты қолданылады», - деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінен.
Айта кетсек бүгін Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы Жарлыққа ҚР Президенті қол қойды. Жарлыққа сәйкес ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы тоқтатылып, Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда ел аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленді.




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 наурыз 2020 г. 397 0