Қазіргі таңда Қорқыт ата мемориалды кешенінде құрылыс қызу жүріп жатыр. Қайта жаңғырту жұмыстарымен «СМП-Қызылорда» ЖШС-гі айналысуда. Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қармақшы ауданында болып, құрылыс жұмысымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жаңа мемориалдың бұрынғыдан өзгешелігі 2,5 метр биіктікте орналасады. Стеласы 12 метрге ұзартылады. Ал құрылысқа соңғы үлгідегі материалдар қолданылуда. Бұл жұмыстар қазан айына дейін аяқталуы қажет. Аймақ басшысы бұл жердің тарихи маңызы жоғары екендігін айтып, құрылыс жұмыстары сапалы жүргізілу керектігін ескертті. Мердігер мекеме жұмысшы күшін тағы 150 адамға арттыратынын айтты. Яғни, жұмысты межеленген мерзімде бітіру үшін.