« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
«Nur Otan» партиясының 2020 жылғы 18 наурызға белгіленген Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды. Бұл туралы партия төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Коронавирус індеті таралу қаупінің алдын алу үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты «Nur Otan» партиясының 2020 жылғы 18 наурызға белгіленген Саяси кеңесінің отырысын өткізу тоқтатылады», - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін Германияның Христиан-демократтары Одағы партиясының сьезі де кейінге шегерілген. Ол жиындаПартияның жаңа лидерін сайлау жоспарғанған. Одан бөлек, АҚШ-та қауіпті вирус таралуына байланысты Байден мен Сандерстің дебатын Аризона штатынан Вашингтонға ауыстырған. Тіпті ол дебат көрерменсіз өтетіні де айтылды.
Ал «Nur Otan» партиясы азаматтарды жеке-жеке қабылдауды тоқтатқан.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда 6 адамнан коронавирус анықталғаны ресми хабарланған. Олардың 4-еуі Алматыда, 2-еуі Нұр-Сұлтанда. Тағы бір қазақстандық Германияда.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |