Игі істің басында

Облыстық "Жастар ресурстық орталығы" қызметкерлері демалысты сергек бастады. Олар облыстық еріктілер штабының мүшелерімен бірге орталық маңын тазартып, 100-ге жуық көктемгі көшет ағашын отырғызды.
Сол жағалау келбетінің көркеюіне бастайтын берекелі бастама алдағы уақытта да жалғасады. «Мың шыбық шаншып өсірсең, халқыңа орман салғаның» деген бар. Құрметті сайт оқырманы, сіз де осындай игілікті шараларға үлес қосуды ұмыт қалдырмаңыздар!
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 наурыз 2020 г. 228 0