« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті – талай талантты шґкірттерді түлетіп ұшырған іргелі оқу орны. Осы жерден білім алған түлектердің бірқатары шет елдерде, еліміздің ґр түкпірінде белді маман болып қалыптасып, беделді қызметтер атқарып жүр. Бүгінгі заман талабына сай бґсекеге қабілетті мамандар даярлауда оқу орнының педагогикалық ұжымы тың ізденістермен, терең шығармашылықпен еңбек етіп келеді. Соның бір көрінісі – университеттің І оқу ғимаратында, шоқайтану ғылыми-зерттеу орталығында “Сыр медиа” ЖШС мен облыстық “Qyzylorda” телеарнасында қазақ тілі мен ґдебиеті жґне журналистика кафедрасының филиалдарын ашу мақсатында кездесу өтті.
Шараға республикалық "Егемен Қазақстан", "Айқын" газеттерінің, "QAZAQSTAN", "Хабар", "24 kz" телеарналарының және аймақтағы "Сыр бойы", "Кызылординсие вести" газеттерінің журналистері қатысты.
Жиында университет ректоры Бейбіткүл Кәрімова оқу орнында атқарылып жатқан жұмыстар барысынан хабардар етті. Онда "Педагог мәртебесі" туралы заңға сәйкес университет профессор-оқытушыларының айлық жалақысы 30 процентке өскеніне тоқталды. Осы орайда бәсекеге қабілетті, білікті мамандар дайындаудың жауапкершілігі де арта түскеніне тоқталды. Ректор бұл бағытта оқу орнының түлектерін жұмыс берушілердің талабы мен сұранысына сай білікті маман етіп даярлау мәселесі 2020-2021 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларында толық қамтылатындығын атап өтті. Бұл ретте университет тарапынан кәсіби бағдар беру жұмыстарын 7-8 сыныптан бастап жүргізу бағытында арнайы Жол картасы әзірленгенін де айтты.
– Көп жағдайда мектеп түлектерінің болашақ мамандығының бейінді пәнін таңдауына 10-11-сыныптарда ғана мән беріледі. Негізінде, мамандық – әрбір жастың өмірлік таңдауы болғандықтан, мектеп оқушылары оны ерте бастан таңдап, бейімделуі керек. Сонда ғана ол өзі таңдаған мамандығының кәсіби иесі бола алады. Міне, осы жұмыстарды жүйелі, тұрақты жүргізу және оқушыларға көмек көрсету, психологиялық қолдау білдіру мақсатында наурыз айынан бастап университетте «Рекрутинг» орталығы ашылды. Бұл орталықта аймақ оқушыларымен қатар, ұлты қазақ шетел азаматтарын да өзімізге оқуға шақыру мақсатында белсенді жұмыстар атқарылып жатыр, – деді ректор.
Кездесуде сөз алған мемлекет және қоғам қайраткері, облыстық телевизияның қалыптасуында айқын қолтаңбасы бар Әбдіжәлел Бәкір Сыр өңірінің дәстүрлі журналистикада өзіндік сара жолы қалыптасқанын атап өтіп, ақпарат таратудың жаңа медиа кеңістігінде де Сыр журналистикасының әлеуеті мықты екеніне сенім білдірді.
Университет профессоры Бағдат Кәрібозұлы оқу орнынан даярланып шыққан сала мамандарының елімізден асып, алыс-жақын шетелдерде абыройлы қызмет атқарып жүргенін айтты. Ал "Qyzylorda" телеарнасының директоры Жағыппар Қарабала:
– Бүгінгі таңда облыстық телеарнада 100-ден астам шығармашылық мамандары болса, олардың әрбір үшіншісі – осы университеттің түлегі. Демек, бұл – журналистика саласы бойынша бәсекеге қабілетті, білікті мамандар даярлауда университет оқытушыларының табысты еңбегінің көрінісі, – деді. Әріптестік аясында атқарылатын шаралар жөнінде университеттің журналистика кафедрасының меңгерушісі Ғабит Тұяқбаев және облыстық "Кызылординские вести" газетінің бас редакторы Қазыбек Ботаев пікір білдіріп, оқу орнында қолға алынып отырған жаңа бастамаларға қолдау танытып, өз ұсыныстарын ортаға салды.
Жиынның басты мақсатына сәйкес "Сыр медиа" ЖШС мен облыстық "Qyzylorda" телеарнасында университеттің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының филиалдарын ашу мақсатындағы әріптестік меморандумға қол қойылды.
Шарада еліміздің журналистика саласында абыройлы қызмет атқарып жүрген "Айқын" газетінің облыстағы меншікті тілшісі Миуа Байназар, "Qyzylorda" телеарнасының директоры Жағыппар Қарабала Қорқыт ата атындағы "Алтын медальмен", облыстық "Сыр бойы" газетінің бас редакторы Қуат Шарабидинов, "Хабар" телеарнасының облыстағы тілшісі Нұрлан Жақыпбеков "Үздік түлек" медалімен марапатталды. Ал, "Сыр медиа" ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев, "Қоғам ТВ" телеарнасының басшысы Тұрсынкүл Желдербаева, "Егемен Қазақстан" газетінің меншікті тілшісі Мұрат Жетпісбаев, "Кызылординские вести" газетінің бас редакторы Қазыбек Ботаев, "Хабар" телеарнасының тілшісі Қамбар Бекенов, "Qazaqstan" телеарнасының меншікті тілшісі Әділбек Жақанов ҚМУ-дің "Құрмет грамотасын" иеленді.
Ғазиза ӘБІЛДА,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |