Қызылорда облысының мектеп оқушыларына қымбат гаджеттерді ашық көрсетпеуге кеңес берілді, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
«Облыстың 8,6%-да кәмелетке толмағандар зардап шегетін қылмыстар саны ұлғайып кетті, - деді Қызылорда облысы прокурорының аға көмекшісі Әліби Зейнолла. – 160-тан астам қылмыстың басым көпшілігі – ұрлық, тонау, бопсалаушылық. Бұның алдын алудың бір жолы - қымбат гаджеттер, ұялы телефондарды ашық көрсетпеу, бағалы әшекейлер тақпау және түнде көшелерде жүрмеу».