Қазақстанда төртінші адамнан коронавирус табылды

Германиядан ұшып келген Қазақстанның тағы бір азаматынан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп «Ашық алаң» бағдарламасында айтты. «25 минут бұрын бізге шұғыл хабар келіп түсті. Германиядан келген ұшақта болған 1976 жылы туған ер адамнан коронавирус табылып, қазір ол Алматыдағы көпбейінді медицина орталығының стационарында ем алып жатыр. Осылайша науқастардың саны төртке жетті.
Айта кетейік, оның үшеуі Германиядан келген, қазір Алматыда карантинде, ал төртінші елордалық әйел күйеуімен бірге Италияның Милан қаласынан ұшып келді. Оның жолдасынан коронавирус табылған жоқ», - деді Диас Ахметшәріп.
Еске сала кетейік, бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда екі адамның коронавирус жұқтырғанын жеткізген еді. Кейіннен Милан қаласынан Нұр-Сұлтанға келген тағы бір қазақстандықтан коронавирус инфекциясы табылды.


 -

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 наурыз 2020 г. 674 0