Коронавирус жұқтырған адам отырған ұшақта Қазақстанның 37 азаматы болған

Коронавирус жұқтырған үшінші адам келген ұшақта Қазақстанның 30-дан астам азаматы болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
12 наурызда Мәскеуден келген рейстің бортында 90 жолаушы болды, оның ішінде 37-сі Қазақстанның, 42-сі Ресейдің, сондай-ақ қалған 11-і басқа елдердің азаматтары», - деп нақтылады министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Осы орайда ол Миланнан келген науқас әйел бірден карантиндік шаралармен қамтылғанын атап өтті. «Келген бойда әйелдің Италиядан сапарлағаны анықталды. Осы орайда тиісті тәртіпке сәйкес, карантинге орналастырылды. Зерттеу шараларының аясында тиісті нәтижелерді алдық», - деді Елжан Біртанов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған үшінші адам Миланнан келгенін айтты.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 наурыз 2020 г. 519 0