МӘМС: Qoldau-24/7 мобильді қосымшасын мыңнан астам адам жүктеген

Qoldau-24/7 мобильді қосымшасын наурыз айының басынан бері мыңнан астам азамат жүктеген.
 «Кері байланыстың бұл түрі қазір үлкен сұранысқа ие, өйткені көптеген адамдарға 1406 байланыс орталығына қоңырау шалып, операторға сұрақ түсіндіруден гөрі жолдаманы электронды түрде қалдыру ыңғайлы. Өтінімдер ұқсас қағида бойынша өңделеді, олардың барлығы тіркеу нөмірімен бірге тізілімге енгізіледі. Өтініш берушінің қосымшадағы аккаунттына белгіленген мерзім ішінде жауап беріледі. Бізге проблемалар туралы тікелей ақпарат алу үшін халықты әртүрлі байланыс арналарымен қамтамасыз ету өте маңызды», – деп атап өтті ӘМСҚ Басқарма Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.
Бағдарлама іске қосылғаннан бері (наурыз айының басынан бастап) оны 1000-нан астам қолданушы жүктеп алған. Осы арна арқылы 150-ге жуық жолданым келіп түсті, олардың көпшілігі консультативтік сипатта.
Айтып кетейік: 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қордың 1406 Бірыңғай байланыс орталығына 50 мыңнан астам қоңырау келіп түсті, олардың тек 2,6% -ы шағымдар.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тұрғындардың жолданымдарын үнемі қадағалап отырады, жүйелі шешімдерді қарау және қабылдау үшін апта сайын өзекті сұрақтар жинақталады. Сондай-ақ, пациенттер Қордың әр аймақтық филиалында ұйымдастырылған азаматтардың қабылдау бөліміне жүгіне алады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізумен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 1406 бірыңғай байланыс орталығы 24/7/365 тәртібі бойынша жұмыс істейді. Жолданымдарды өңдейтін үш деңгейлі жүйе әзірленді. Қоңыраулардың 97,4%-і бірінші деңгейде жабылады. Қалғаны бейінді департаменттерге жіберіледі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
облыстық филиалы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 наурыз 2020 г. 200 0