Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жедел әрекет ету штабының отырысы болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.Отырыс барысында Президент баласымен үйде отыруға мәжбүр ата-аналарды ақы төленетін еңбек демалысына жіберуді тапсырды. Мемлекет басшысы жұмыс берушілермен осы тапсырманы іске асыру шеңберінде жұмыс жүргізуді жүктеді. Сонымен қатар Үкімет фискалды механизмдер арқылы кәсіпорындарды қолдау шараларын қабылдауға міндеттелді. Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ, медициналық мекемелер мен азаматтарды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін жедел шешуді жүктеді.