ҚР АШМ: Қазақстанда азық-түлік тапшылығы жоқ

Елде азық-түлік тапшылығы жоқ. Ауыл шаруашылығы министрлігінің фейсбуктегі ресми парақшасында осындай мәлімдеме жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24». 
Жазбада министрліктің ахуалды назарда ұстап отырғаны жазылған. Жалпы қазір аймақтардағы тұрақтандыру қорларында және өндірушілердің қоймаларында 1 миллион 200 мың тонна мөлшерінде әлеуметтік маңызы бар тауар сақтаулы тұр. Бұл азық-түлік 6 айға жетеді. Бұдан бөлек, өндірушілер өндірісті тоқтатпайды. Сондықтан жауапты ведомство тұрғындарды үрейге бой алдырмай, тек ресми мәліметке жүгінуге шақырды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 наурыз 2020 г. 215 0