Рейстердің шектелуіне байланысты қазақстандықтар қайда қоңырау шала алады?

Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті рейстің күші жойылған жағдайда қайда хабарласуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабарламада шетелдік авиакомпаниялардың рейс санының қысқаруына байланысты тұрғындарға билеттерін қайтару немесе айыппұлсыз қайта брондау ұсынылғаны жазылған.

ААК өкілдері биыл 16 наурыздан бастап күші жойылған рейстерге билеті бар жолаушылар оны сатып алған жерінен ақшасын қайтара алатынын атап өтті.

Жолаушылар барлық сұрақ бойынша әуекомпанияларға келесі нөмірлер бойынша хабарласа алады:

Turkish Airlines: + 7 727 3123250, 51, тәулік бойы;

"Белавиа": +7 7172 320241, 09:00-ден 19:00-ге дейін;

Fly Dubai: +7 800 070 2833, (Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), тәулік бойы;

Etihad Airways: + 7 800 5556248, тәулік бойы;

Pegasus Airlines: + 7 705 5558444, тәулік бойы;

Uzbekistan Airways: +7 7172 910459, 60; 9:00-ден 18:00-ге дейін;

"Эйр Астана"": +7 7172 584477, +7 727 2444477, +7 702 7024477, тәулік бойы;

SCAT: + 7 7252 998880, тәулік бойы.

"Жолаушыларға "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-да күші жойылған және шектелген тұрақты бағыттар мәселелері бойынша кеңес беру мақсатында тәулік бойғы Call-орталық жұмыс істейді. 8 (7172) 64 58 41", - делінген хабарламада.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 наурыз 2020 г. 259 0