« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Дін саласы – өте күрделі әрі нәзік тақырып. Сондықтан журналистердің көпшілігі бұл салаға қалам тербей бермейтіндігі жасырын емес. Аймақтағы БАҚ-тарда Ораза айт, Құрбан айт сияқты діни мерекелердің қарсаңында ғана бірді-екілі ақпараттар болмаса, дін тақырыбын терең талдаған тақырыптар таптыра бермейді.
Әсіресе, әлеуметтік желілердегі деструктивті діни ағымдардың теріс идеологиялары мен олардан жастарды, қоғамды қорғау мәселелері көп зерттеле бермейді. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында біршама уақыт бұрын облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Махановтың бастамасымен аймақта дін саласындағы журналистер пулы құрылған. Ондағы мақсат аймақтағы БАҚ саласының қызметкерлері дін саласының мамандарымен бірлесіп, ақпарат жариялау, мемлекеттік дін саласындағы саясатын халыққа жете жеткізу болатын.
Жұмысты одан әрі жетілдіру үшін облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өңір журналистеріне, блогерлерге және теологтарға арналған семинар-тренинг өтті. «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда әлеуметтік желілер мен БАҚ-тардағы ақпараттың маңыздылығы» тақырыбындағы шараға Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, философия ғылымдарының кандидаты Жалғас Сандыбаев, «Kazislam» ақпараттық-ағартушылық интернет порталының бас редакторы, философия ғылымдарының магистранты Саясат Қабдрахманов қатысып, дәріс өткізді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |