«Болашақ» бағдарламасының студенттері елге қайтады

«Болашақ» бағдарламасымен шет елдерде білім алып жүрген қазақстандықтар елге оралады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов мәлімдеді.
Бүгінде әлемнің 18 елінде 857 Қазақстан азаматы білім алады. Олардың 19-ы қауіп деңгейі 1-санатты елдерде жүр.
«Короновирусқа байланысты шел елдердегі университтердің көбі қашықтықтан оқу жүйесіне көшіп жатыр. Сондықтан студенттеріміздің кейбірі елге қайтады. Бұл жерде олардың келу және кету жол ақысы және степендияны сақтау мәселесі бар. Біз нормативті-құқықтық құжаттарға өзгеріс енгізіп, мәселені шештік», – деді ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 наурыз 2020 г. 545 0