«Қазгидромет» РМК-ға тұңғыш рет әйел басшы тағайындалды

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 10 наурыздағы №119 бұйрығымен Данара Қизатқызы Әлімбаева «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1922 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Гидрометеорологиялық қызметінің тарихында алғаш рет әйел басшы болып тағайындалды. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) құрамына кіретін 192 елдің ішінде Д.Қ. Әлімбаева осындай ұйымды басқаратын нәзік жандардың екінші өкілі. Динара Қизатқызы Әлімбаева 1977 жылы 8 тамызда дүниеге келген, «метеорология» және «қаржы» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі, сондай-ақ «қолданбалы экология» бағыты бойынша магистр дәрежесі бар. Еңбек жолын 2002 жылы «Қазгидромет» РМК-да техник-метеоролог лауазымынан бастады. 2003-2009 жж. инженер-метеоролог, 1 санатты инженер-метеоролог, жетекші инженер метеоролог, Метеорология басқармасының басшысы болды. 2011-2015 жж. Метеорология департаментінің директоры, 2015-2017 жж. Экологиялық мониторинг департаментінің директоры лауазымында қызмет атқарды. 2017 жылғы 18 қыркүйектен бастап «Қазгидромет» РМК Бас директорының орынбасары болған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 наурыз 2020 г. 517 0