Сот актілерінің орындалуына сот бақылау институты енгізіледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Министрдің айтуынша, әкімшілік сот ісін жүргізу бөлігінде жобада негізгі ережелер ескерілген.
«Сот ісін жүргізудің жаңа түрінің ерекшелігі – ол дәлелдемелерді жинау процесінде сот белсенділігінің күшеюі болады. Бүгінгі таңда билік органдары дауларды азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды. Алайда, қолданыстағы тәртіп бір жағынан билік органы және екінші жағынан азаматтың іс жүзінде тең еместігін ескермейді. Белсенді рөлі принципін басшылыққа ала отырып, сот дәлелдемелерді дербес жинай отырып, даудың мән-жайын анықтауға міндетті болады. Сот актілерінің орындалуына сот бақылау институты енгізіледі», - деді Марат Бекетаев.
Атап айтқанда, соттың талаптарын уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында жүз айлық есептік көрсеткішке дейін ақшалай жазаларды бірнеше рет қолдану мүмкіндігі көзделеді. Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан Ресупубликасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.