Time журналы 1927 жылдан бері "Жыл адамы" деген атаққа түрлі танымал, ықпалды тұлғаларды тағайындап келді. Бұл атақты бірінші болып ұшқыш Чарльз Линдберг иеленді. "Жыл адамы" 72 жыл бойы "Жыл еркегі" деп аталып келгенін көбіне беймәлім. Тек 1999 жылы ғана номинацияны "Жыл адамы" деп өзгертті. Содан бері 11 әйел адам "Жыл адамы" атанған. Бұл ситуацияны түзеу үшін журнал соңғы 100 жылдағы "Жыл әйелін" жариялады. Тізімде 1920-2019 жылдар аралығындағы ықпалды, өз саласында жетістікке жеткен әйелдер бар:
дизайнер, модельер Коко Шанэль (1924);
жазушы Вирджиния Вульф (1929);
суретші Фрида Кало (1938);
қоғам қайраткері Элеонора Рузвельт (1948);
биофизик Розалинд Франклин (1953);
актриса Мэрилин Монро (1954);
саясаткер Индира Ганди (1976);
саясаткер Маргарет Тэтчер (1982);
Диана ханшайым (1987);
жазушы Жоан Роулиң (1998);
құқыққорғаушы Малала Юсуфзай (2009);
әнші Бейонс (2014); экология белсендісі Грета Тунберг (2019).