Биыл еліміз бойынша 34 165 талапкер грант иегері атанды. Ал оның ішінде Қызылорда облысының үлес салмағы қанша?
Облыстық білім басқармасының алдын-ала мәліметтеріне сүйенсек, облыс бойынша қабылдау комиссияларына білім грантына құжат тапсырған 3 108 талапкердің 1142-сі грант иегері атанды. "Серпін" бағдарламасы бойынша Солтүстік аудандарда ақысыз білім алу мүмкіндігіне 313 талапкер қол жеткізген.
Білім басқармасы бастығы Наурызбай Байқадамовтың айтуынша, биыл өткен жылмен салыстырғанда грант иегерлерінің саны артқан.