Қ Р Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп коронавирусқа байланысты елімізде қанша адам карантинде жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Кеше Алматыға Сеулден 100 адам келді. Жалпы, 197 адам ұшып келген болатын. Оның 97-сі транзиттік жолаушылар. 100 адам Алматыдағы көпсалалы ауруханаға карантинге жатқылды. Қазіргі уақытта сараптамалар алынды. Ал бүгін елордаға тағы 93 азаматымыз келді. Олар да карантинге жатқызылады. Бұлардан бөлек Уханьнан келген 80 студент бар. Жалпы, карантинге жатып шыққандарды қоса есептегенде барлығы 600-ге жуық адам каратинде болды. Каратинге жатқызылғандардың ешқайсысының денсаулығы сыр берген жоқ. Дене қызулары қалыпты. Әзірше күдіктілер байқалған жоқ», - деді Диас Ахметшәріп. Сондай-ақ ол бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына Сеулден келіп қонған ұшақтағы Ресей және Грузия азаматтары жайында да айтып берді. Қазіргі уақытта олар әуежайда. Өздерінің ұшақтарын күтіп отыр, елдеріне кетеді«, - деді ресми өкіл.