Қызылорда қаласында жоғалған баланы полицейлер тауып, анасына аман-есен тапсырды. Кәмелетке толмаған бала кеше белгісіз бағытқа үйінен шығып, қайтып оралмаған.
– Жоғалған баланы іздеу үшін Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің жеке құрамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері барлық полиция учаскелеріне бағыт-бағдар беріп, адамдар көп жиналатын орындарды, шатырлар мен қараусыз қалған ғимараттарды тексерді. Полицейлермен жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында жоғалған бала қала орталығынан табылып, аман-есен үйіне оралды. Бүгінгі таңда баланың анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде, – дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.