« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Antikor» орталығында «Адал жол» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша брифинг өтті. Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов, көліктік бақылау инспекциясының орынбасары Г.Пірназарова және «Адал жол» жобасы аясында жұмыс жасайтын облыстық жобалық топ мүшелері қатысты.Сондай-ақ, «Номадас» ЖШС, «Марал-Нұр» ЖШС, ««Арлан Транс» ЖШС басшылығы мен жолаушылар пойызына жауапты басқа да жауапты тұлғалар арнайы келді.
Брифингте департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов жолаушылар тасымалымен айналысатын вагондардың тозығы жеткені, сервистік қызмет көрсету бойынша кемшіліктердің көп екендігін атап өтті.
Ал, арнайы мониторинг тобының жетекшісі Л.Бақтыбаева «Адал жол» жобасы аясында құрылған топ мүшелерінің қатысуларымен темір жол көліктеріне 8 рет рейдттік шара жүргізілгенін атап өтті. Темір жол көлігіне билетсіз мінген 5 жолаушы анықталып, жолсеріктерге қатысты 8 әкімшілік-құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімделген. Сондай-ақ, әртүрлі техникалық 15 кемшілік анықталғанын, алдағы уақытта жолаушылар пойызына жауапты тұлғалардың осыған орай нақты шаралар қабылдауын баса айтты.
Көліктік бақылау инспекециясы басшысының орынбасары Г.Пірназарова, жолаушылар тасымалына байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістердің маңыздылығын түсіндірді.
Брифинг соңында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейтіні, аталған нөмірге қоңырау шалу тегін және сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез келген құқық бұзушылық бойынша түскен хабарламалар міндетті түрде қаралатыны айтылды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |