Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы коронавирус жұқтырғандардың саны 73 мемлекетте 90 мыңнан асқанын, әлем «беймәлім территорияда» екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап. «Былтырғы жылдың желтоқсан айынан кейін коронавирус Антарктидадан басқа құрлықтардың бәріне тарады. Қазіргі таңда Қытайдан тыс жерде қаза тапқандар саны 172 адамға жетті. Ал әлем бойынша бұл 3115-ті құрайды», деп жазады агенттік. Осы күнге дейін ДДСҰ бұл жағдайды жаһандық пандемия ретінде жаряламайтынын, бірақ бұл болашақта мүмкін екенін мәлімдеген еді. «Қазір Қытайда аурудың таралуы бәсеңдеп, одан тыс мемлекеттерде артты. ДДСҰ соңғы 24 сағатта коронавирус Қытайдан басқа мемлекеттерде 9 есеге көп анықталғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда Оңтүстік Корея, Иран, Италия ауру ошағына айналды», - деп жазылған мақалада. Автордың айтуынша, АҚШ-тың Вашингтон штатында вирус жұқтырғандар саны жүзден асып, алты адамның қайтыс болғаны анықталды.