Демалыс күндері жұмысқа шыққан мемқызметшілерге қосымша ақы төленбек

Елордадағы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 2020 жылдағы Әдеп жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұл жердегі негізгі мәселе - әдеп комиссиясының жұмысын жандандыру. Бүгінгі Әдеп жөніндегі комиссия отырысында бірнеше мәселе қаралады. Бірінші мәселе конкурстық комиссияның кейбір ережелерінің бұзылуына байланысты болмақ. Екінші мәселе мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытына, яғни сегіз сағаттан аса жұмыста болуына байланысты. Оған мемлекеттік жауапты қызметшілерді шақырдық. Бұл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзіретіндегі мәселе. Әр еңбек шартын осы министрлік қарайды. Біз мемлекеттік қызметкерлердің құқығын қорғау үшін аталған министрлікпен меморандумға қол қойып, сол арқылы жұмыс істеудеміз. Сегіз сағаттық жұмыс уақытын жүйелелі пайдалану мәселелерін қарастырамыз», - Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев.
Ол әдеп жөніндегң комиссия отырысы бірінші рет өтіп отырғанын айтты.
«Сенбі күні Нұр-Сұлтан қаласындағы министрліктерде, тіпті Премьер-Министрлігінің кеңсесінде жұмысқа шығып жатқандарды көруге болады. Егер мемлекеттік қызметші сенбі, жексенбі күндері жұмысқа шығатын болса - оларға қосымша ақы төленуі керек немеме алдағы уақытта қосымша демалыс күндері берілуі керек. Бүгін осы мәселені қарап, бұйрықтарға сәйкес шешім қабылдаймыз. Қажет болған жағдайда басшыларын әкімшілік немесе басқа да тәртіптік жазаға тартылады», - дейді ол.
Отырысқа ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қаржы, цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі, индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрліктерінің жауапты хатшылары мен кадр қызметінің басшылары қатысты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 наурыз 2020 г. 744 0