Жүректен жылу жаққандар

Арал ауданында Алғыс айту күні ұйымшылдықпен өткізілді. Дерекке жүгінсек, «Жүрек жылуы» акциясы бойынша кент, ауылдық округ әкімдері, білім, денсаулық, мәдениет салалары бойынша аз қамтамасыз етілген көп балалы, мүмкіндігі шектеулі және тұрмыс жағдайы төмен  78 отбасыға 948,2 мың теңге көлемінде азық-түлік, қаржылай көмектер жасалған.
Сондай-ақ, өткен 2019 жылы аудан бойынша 539 отбасыға 8735,5 мың теңге көлемінде азық-түлік, қатты отын (көмір), қаржылай және киім-кешек түрінде аудандағы мекеме басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, аудандық депутаттар, аудандық орталық мешіт және жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен қайырымдылық көмек ұйымдастырылғанын атап кету ләзім.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Арал ауданы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 наурыз 2020 г. 203 0