Қазгидромет 3-5 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Алдағы тәуліктерде Қазақстанға ығысатын атмосфералық ауа ағындарына байланысты елдің басым бөлігінде жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, көктайғақ және тұман күтіледі. Демалыс күндерінде байқалған жоғары температурадан кейін, алдағы күндері ауа температурасы төмендейді және нормаға жақын болады», - делінген Қазгидромет хабарламасында.