Қызылорда облысында 6 мектеп пайдалануға беріледі

Қызылорда облысында 6 мектеп пайдалануға беріледіҚызылорда облысында бірінші қыркүйек күні алты мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды BNews.kz облыстық білім басқармасының басшысы Наурызбай Байқадамовқа сілтеме жасап.
Қазір мектеп жабдықталып, безендіріліп жатыр. Ал жыл соңына дейін 27 мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда. 11 мектеп апатты білім беру ошақтарының орнына салынуда. Қызылорда облысының 58 мектебінде күрделі жөндеу аяқталуға жақын. Әрине, ең үлкен жұмыс көлемі облыс орталығында – 16 мектеп, оқушылар сарайы, сонымен бірге бірнеше балабақшаға күрделі жөндеу жүргізілуде.
Барлық мектептер жылу беру маусымына дайындалып жатыр, әсіресе орталықтандырылған жылумен қамту жүйесі жоқ ауылдарды бұл жіті бақылауда. Мектептердің отынына қаражат бөлініп қойды, қажетті көмір мен сұйық отынды барлығы да уақытында алады. Жаңадан ашылған білім ошақтарына жылу беру ерте басталады, өйткені ғимарат жылынып үлгеруі керек, яғни жылу сыйымдылығын алғаны дұрыс.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 тамыз 2014 г. 883 0