Синоптиктер көктемнің алғашқы күні Қазақстанның басым аумағында жылы ауа райын болжады. Мамандардың мәліметі бойынша, боран мен қардан кейін қазақстандықтарды жылы демалыс күндері күтеді. 29 ақпан мен 2 наурыз аралығында республиканың басым аумағында қауіпті табиғи құбылыстардан тек тұман түседі. Еліміздің батысында ғана күн бұлтты, көктайғақ пен қатты жел болуы мүмкін. Бүкіл елде ауа температурасы орташа көрсеткіштен жоғары болады.