Рейтинг: Қызылорда қалалық әкімдігі – көшбасшы

Биылғы жылдың 8-14 шілдесі аралығында «Рейтинг КZ» зерттеу агенттігі облыс әкімдерінің, республикалық деңгейдегі қалалар мен облыс орталықтары әкімдерінің 2014 жылдың ІІ тоқсанындағы жұмыс жүргізу сапаларына қатысты барынша шынайы бағалауға бағытталған тәжірибелік сауалнама жүргізді.
Зерттеу барысында сұрауларға бизнес саласы, үкіметтік емес ұйымдар және сараптау қоғамдастығының өкілдерін құрайтын 50 эксперт жауап берді.
Зерттеу барысында әкімдіктер жұмысының сапасын бағалау үшін 11 негізгі басымдықтың маңызы ескерілді. Зерттеу нәтижелері статистикалық әмбебап SPSS бағдарламасы көмегімен орташа балды анықтады. Жалпы, ретингтік көрсеткішті есептеу үшін зерттеу нәтижесіне арифметикалық амалдар қолданылды. Бұл қолданыс орташа арифметикалық балдарды қосу арқылы шығарылды.
    Зерттеу нәтижелері бойынша эксперттерге әкімдіктер жұмысын бағалау үшін мынандай негізгі бағыттар ұсынылған еді.
    Саяси тұрақтылықты ұстап тұру, әлеуметтік және еңбек дамуына қатысты шиеленіс ошақтарын барынша азайту;
    аймақтың немесе қаланың экономикалық дамуындағы жетістіктер;
    тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста болу, олардың сенімін иелену;
    шағын бизнесті дамыту;
    әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру;
    өңірдің қуатын арттыру (инновациялық, транзиттік, шекаралас аймақтармен қарым-қатынас, туризм т.б.);
    орталық билік органдарымен қарым-қатынас жасау қабілеттілігі;
    қоғамдық бақылау институттарымен транспаренттік қарым-қатынас;
    әкімнің жеке басының қасиеті және кәсіби шеберлігі.
    Міне, осындай бағалаулар нәтижесінде облыс орталығы әкімдіктерінің тізіміндедегі көшбасшылықты Қызылорда қаласының әкімдігі иеленіп отыр.
   
Көшбасшылар тізімі:
    Қызылорда қаласының әкімдігі (Нұрлыбек Нәлібаев) 3,86 балл
    Ақтау қаласының әкімдігі (Еділ Жаңбыршин) 3,85 балл
    Өскемен қаласының әкімдігі (Темірбек Қасымжанов) 3,85 балл
    Орал қаласының әкімдігі (Алтай Көлгінов) 3,84 балл
    Талдықорған қаласының әкімдігі (Ермек Алпысов) 3,81 балл.
    Эксперттердің пікірінше қала әкімдігінің мұндай бедел мен белеске қол жеткізуі облыс әкімі Қ. Көшербаевтың тікелей қолдауы мен «Қазақстан – 2020» стратегиясына сәйкес муниципалдық дамуды жүзеге асыруы арқасында жүзеге асып отыр.
    Барша қызылордалықтарды туған қаламыздың биік тұғырдан көрінген қуанышымен  құттықтаймыз.
   
«Ақмешіт апталығы» газеті
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 тамыз 2014 г. 829 0