Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Ақтөбе полициясы «Выгодный займ» серіктестігінің құрылтайшысы Ж. Есіркеповті ұстады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу басталғанын, кез келген адам арыз жазуға құқылы екенін хабарлады. «Ж.Т. Есіркепов 22 ақпаннан бастап Қылмыстық кодекстің «Қаржы пирамидаларын құру және басқару» бабы бойынша күдікке ілігіп, мемлекетаралық іздестіруде болды. Іздеу жұмыстары нәтижелі, күдікті ұсталды. Қаржы пирамидасынан зардап шеккен азаматтар кез келген қалалық полиция бөліміне хабарласа алады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
 Еске салсақ, Ақтөбеде ақпан айында бірнеше қаржылық ұйым әшкереленіп, басшыларына іздеу жарияланған болатын.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 ақпан 2020 г. 343 0