Коронавирусқа байланысты Мекке мен Мәдина қалаларына кіру уақытша тоқтатылды

Коронавирусқа байланысты Сауда Арабиясының билігі Мекке мен Мәдина қалаларына кіруді уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігінің Twitter желісіндегі парақшасында айтылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Сауд Арабиясы корольдігіне және Пайғамбар мешітіне кіру уақытша тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Сауд Арабиясы коронавирус қаупі бар елдерден келетін азаматтардың туристік визасын да тоқтату туралы шешім қабылдаған.

Соңғы деректер бойынша, әлем бойынша 82 мыңнан аса адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ал қайтыс болғандардың саны 2801 адамға жеткен.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 ақпан 2020 г. 278 0